Үндістан премьері Пәкістанның үкімет басшысымен тарихи кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан премьері Пәкістанның үкімет басшысымен тарихи кездесу өткізді

Үндістан премьері Пәкістанның үкімет басшысымен тарихи кездесу өткізді

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бүгін Пәкістан үкіметінің басшысы Наваз Шарифпен кездесу өткізді.

  • 27 Мамыр 2014
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы үнді ақпарат құралдары мәлімдеді.

Бұл 2008 жылы Мумбайдағы терактіден кейін екі ел арасындағы қатынастың күрт суығанынан бері Үндістан премьер-министрі Делиде пәкістандық лидерді ресми түрде алғаш қабылдауы.

Таяуда Н.Шариф Н.Модидің премьер-министр қызметіне кірісу салтанатына қатысты.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы салқын қатынас 1947 жылдан бері сақталып отыр. Қақтығыстың басты себебі Кашмир аймағының тиесілігі төңірегінде туындаған дауға байланысты.