2014 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 92 мың мектеп түлегі қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 92 мың мектеп түлегі қатысады

2014 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 92 мың мектеп түлегі қатысады

2014 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 92 мың мектеп түлегі қатысады.

  • 27 Мамыр 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы мектепті 133 мың түлек тәмамдады, оның 92 мыңы, яғни 70 пайызы тіркелді. Оның 64 мыңы қазақ тілінде және 28 мың орыс тілінде тест тапсырады», — деп бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

2014 жылы ҰБТ арнайы жабдықталған 155 орында 2 мен 8 маусым аралығында өтеді. Оның 48-і қалалардағы жоғары оқу орындарында, қалғандары аудан орталықтарында өтеді.

Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі жіне т.б.) бойынша жүргізіледі.