Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ролан Гарростың кезекті жарыс күні, ел болып талабы таудай теннисшіміз Зарина Диястың жолын тостық. Бірақ ә дегеннен әлемнің бесінші ракеткасы Петра Квитоваға тап болған Зарина, жарыс жолынан шығып қалды.

  • 28 Мамыр 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz

Есесіне еліміздің екінші ракеткасы Ярослава Шведова, алғашқы айналымда америкалық Лорен Дэвистен алда болды. Осы күні Михайл Кукушкин Француз Николь Маюды , ал Александр Недовесов үндістандық Сомдев ДЕВВАР МАННАН басым түсті. Турнирдің үшінші ракеткасы Станислас Вавринка бірінші айналымнан әріге бара алмады. Швейцариялық теннисші төрт сетттің нәтижесі бойынша испаниялық Гильермо Гарсия –Лопеске есе жіберді. Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Париждегі алғашқы бәсекесінде америкалық Робби ГИНЕ ПРИДІ қапы қалдырды.

 

Осы күндері Өзбекстан астанасында таэквондо жекпе-жегінен Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Ташкенттегі жарыс Азия ойындары алдындағы үлкен сынақ болып табылады.

Ташкент төрінде ел атынан он бір таэквондошы өнер көрсетуде. Олардың арасында Азия ойындарының күміс жүлдегері Фариза Ергешова және Қайрат Сарымсақовпен Сергей Пак секілді шеберлер бар. Азия чемпионатында үздік алтылыққа енген спортшылар олимпиада жолындағы алғашқы рейтингілік ұпайларға ие болады. Биылғы додада 30 мемлекеттен 542 таэквондошы күш сынасуда.

 


Алматы- әскери қызметкерлер арасында тұңғыш рет әлем чемпионатын қабылдап жатыр. Байрақты бәсеке Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу турниры болып табылады.

Әлемнің 25 елінен келген үздік спортшылар бір апта бойы өзара кім мықтыны анықтамақ. Халықаралық аренадағы біздің әскерилердің жоғары нәтижесінің арқасында 55-ші чемпионат Алматы қаласына сеніп тапсырылған. Біздің боксшылардан бөлек Ресей, Оңтүстік Корея, Монғолия сынды елдер басты фаворит екендігі даусыз. Бірақ алдағы жекпе-жектер кімнің қандай дайындықпен келгенін анықтап бермек.