16 жастағы Айсұлу былтыр желтоқсанда жоғалған еді. Бір жетіден соң қыздың мәйті қала сыртынан табылды. Кейін күдікті ретінде такси жүргізушісі ұсталған болатын. Атапин тергеу кезінде қызды ақшасы мен ұялы телефоны үшін өлтіргінен мойындаған. Бірақ іс сотқа жеткенде айтқанына айынып, енді қылмысқа немере қарындасы мен оның күйеуінің қатысы бар деп отыр. Сондықтан судья процесті уақытша тоқтатып, істі қайта тергеуге жіберуге мәжбүр.