Атырауда асылып өлген полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда асылып өлген полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Атырауда асылып өлген полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Атырауда өткен айда асылып өлген тәртіп сақшысының туыстары суицидке қаржы полициясын айыптауда. Айтуларынша, олар марқұмнан ақша талап еткен. Алтынбек Ғұбайдуллин қайтыс боларынан бір күн бұрын жұбайына телефон соғып, тездетіп 100 мың доллар жинау қажеттігін айтыпты. Бірақ, ақшаның кімге, не үшін керек екенін нақтыламаған. 

  • 28 Мамыр 2014
  • 219
Фото - Caravan.kz

Ақжібек Сабырғалиева, марқұмның жесірі:

-16 сағат бойына жолдасымды заңсыз ұстап отырып, ешқандай кінә тағып, ешқандай протокол толтырылмаған. Сол уақыттың ішінде Алтынбек жолдасым маған телефонмен хабарласып, 100 000 АҚШ долларын жина деп өтінді. Мен ойлаймын, сол кезде олар бір жеңілдік жасаймыз деп Алтынбекке шарт қойды ма деп.

Өткен айда Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Ғұбайдуллин 250 000 теңге мен 3 келі қара уылдырықты пара ретінде алып жатқан жерінде ұсталған.ОлКаспийде бекіре аулағандарға ақылы қолдау көрсетті деп айыпталған болатын. Қолға түскен күні майордың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Бірақ қалыпқа келген соң емдеу мекемесінен қашып кетіп, кейін өлі денесі қаладағы құрылыс нысандарының бірінен табылған еді. Атырау облыстық прокуратурасы полицейдің өліміне қатысты 2 бірдей: яғни, заңсыз тұтқындап, өзін өзі өлтіруге дейін апарды деген баппен қылмыстық іс қозғады. Ал қаржы полицейлері өздеріне тағылған айыпты жоққа шығаруда.


Заңғар Заңқанов, Атырау облысы бойынша қаржы полициясы бастығының орынбасары:

-Қаржы полициясы қызметкерлерінің қылмыстық істі қысқарту үшін ақша талап етті деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасымен тергелуде.