Атырауда әйгілі әншілердің концерті өтпей қалып соңы шуға ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда әйгілі әншілердің концерті өтпей қалып соңы шуға ұласты

Атырауда әйгілі әншілердің концерті өтпей қалып соңы шуға ұласты

Атырауда әйгілі БОНИ М тобының концерті өтпей қалып, арты айғай-шуға ұласты. 80-ге жуық тұрғын ән тыңдамақ түгілі, осы шара өтеді деп белгіленген жергілікті театрға да кіре алмай кері қайтқан. Өйткені мамырдың басынан бері жарнамасы жер жарған топ Атырауға мүлдем келмеді. Ұйымдастырушылар концерт билеттің аз сатылуына байланысты болмай қалды деп отыр. Билеттен түскен 500 мың теңге концертті ұйымдастыруға кеткен шығынды мүлде ақтамаған.

  • 28 Мамыр 2014
  • 321
Фото - Caravan.kz

Мынау қайда? Не затқа түсіреді? Осыншама билет неге сатады елдің бәріне?

Әйгілі БОНИ М тобы Атырауда 26 мамыр күні кешкілік концерт беруі тиіс болатын. Бірақ бір сәт жастық шаққа оралып, өткен күнді еске аламыз деп келген көрерменнің көңілі су сепкендей басылды. Сөйтсе, әйгілі топ концерт бермек түгілі, Қазақстанға келмеген де болып шықты.

Дариға Қасиенова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бони М-нің концерті болады деп бізге жариялады. Билет алдым,  келсек концерт жоқ. Ал біздің ақшамыз қайда?

Аң-таң болған жұртқа жағдайды түсіндіретін де ешкім табылмады қапелімде. Камера алдында сұхбат беруден бас тартқан ұйымдастырушылар телефон арқылы топтың Қазақстанға бүгін түнде ғана ұшып келіп, еліміздің бес қаласында: Атырау мен Ақтөбеде, Қарағанды мен Астанада және Алматыда концерт беретінін айтты. Ал концерттің аяқ астынан өтпей қалуына билеттің аз сатылуы себеп екен.


Айнагүл Қабиева, концертті ұйымдастырушы:

—  5 мыңнан билет өткен. 20 000 мыңнан  бір түйір билет өткен, 18. 000  мыңнан бір түйір  билет өткен. Соған байанысты концерт болмады.  Біздің ол, шетелдегі рейсті айтпай-ақ қояйын. Шетелдің гонорарын айтпай-ақ қояйын. Ұшақ түгілі қонаүйге ақшамызды жеткізе алмай жатырмыз. 

Көрермен, әсіресе орта буын өкілдері аталған топтың концертіне қаладан емес, аудан орталықтарынан да әдейілеп жеткен. Жастық шақтағы өлеңдерді естіп, шабыттанып қайтамыз деген олар ұйымдастырушыларға қатты өкпелі. Ал қарсы тарап болса, концерттің болмайтынын көпшілікке алдын ала хабарладық деп отыр. Олар енді бүгіннен қалдырмай билеттің ақшасын атыраулықтарға түгел таратып бермек.