Оралда суға кеткен ағайынды екі бала іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда суға кеткен  ағайынды екі бала іздестіріліп жатыр

Оралда суға кеткен ағайынды екі бала іздестіріліп жатыр

Оралда суға кеткен қос жеткіншек осымен екінші күн іздестірілуде. 16 жасар Мерлан мен оның 13 жастағы інісі Орынбасар жуырда Жайық өзеніне шомылуға барып, үйлеріне қайтып оралмапты. Куәгерлер балалардың бірі тұншығып қалып, екіншісі оны құтқармақ болғанын ғана көріп қалған.

  • 28 Мамыр 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz


Суға кеткендердің туыстары жеткіншектердің кішісі сал ауруымен ауыратынын айтуда. Оның денесі тырысып қалуы әбден мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда балаларды екі құтқарушылар бригадасы мен туған-туыстары іздестіруде. Ал бұл өзенге қазір шомылу өте қауіпті. Себебі жауын-шашынның көп болғанынан өзеннің ағысы ұлғайып, ағаштар мен өсімдіктердің тамырлары көбейеді. Сондықтан құтқарушылардың жұмысы да қиындай түскен. Соңғы екі апта ішінде аталған аймақта суға кеткендер саны осымен сегізге жетіп отыр.