Нұрсұлтан Назарбаев: Еуразиялық Одақ ел үшін өте тиімді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев:  Еуразиялық  Одақ  ел үшін өте тиімді

Нұрсұлтан Назарбаев: Еуразиялық Одақ ел үшін өте тиімді

Екі күннен соң Астанада қол қойылатын Еуразиялық экономикалық Одақ келісіміне соңғы әзірліктер жүріп жатыр. Дайындық барысымен бүгін Ақордада Елбасының жеке өзі танысып Үкіметтің есебін тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаев Одақты таза экономикалық жоба деп мәлімдеді. Ал құжатқа 29-шы мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері қол қояды.

  • 28 Мамыр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Барлық құжаттың әрбір сөйлемі, әрбір абзацы, сараптамадан өтуі керек. Ол оңай жұмыс емес. 950-ден артық парақ, мың бетке жақын үлкен құжат. Әрине, біздің сарапшыларымыздан өтті. Мұның елімізге пайдасы бар. Бұл одақ бір күн емес, бір жыл емес, ұзақ мерзімге жасалып отырған мәселе. Біз үшін саяси жағынан, экономика жағынан тиімді болғаннан кейін барып отырмыз. Құрлықтың ішінде отырған елміз, сондықтан біздің үлкен көршілеріміз біз үшін теңіз болып саналады.