Еліміздің солтүстік өңірінде 2 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің солтүстік өңірінде 2 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет

Еліміздің солтүстік өңірінде 2 градусқа дейін күн суытады - Қазгидромет

28 мамыр күні ел аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағымының ығысуына байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

  • 28 Мамыр 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz


Көптеген жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн райы ашық болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысында шаңды бұрқасын болады. 

Ақмола облысының кей бөліктерінде тұман түсіп, жел күшейеді — 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында кей аймақтарында тұман түсіп, түнде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ осы өңірде түнде 0-2 градусқа дейін суық болады, деп күтілуде.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында күн қатты ысиды.