Заң бұзған 600-ден астам шетел азаматы ел аумағынан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Заң бұзған 600-ден астам шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Заң бұзған 600-ден астам шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Қазақстанда «Заңсыз келгендер – 2014» арнайы шарасының бірінші кезеңінде 13 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 28 Мамыр 2014
  • 357
Фото - Caravan.kz

19 мен 23 мамыр аралығында елге келу тәртібін бұзғаны үшін 13 062 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды, делінген кешегі хабарламада.

Заң бұзушылардың 543-і – алыс шетел азаматтары, 12 513-і ТМД елдерінің азаматтары.

Сот шешімі бойынша 618 шетел азаматы ел аумағынан шеттетілді, оның 35-і алыс елдердің, 583-і ТМД азаматтары.

Вместе с тем для установления личности водворены в приемники-распределители


Сонымен –атар 1 377 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-бөлу орнына жеткізілді, оның бесеуі алыс ел азаматтары, 1 372-сі ТМД азаматтары.

Мұнымен қоса шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 402 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.