Балаларды қорғау күні қарсаңында балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларды қорғау күні қарсаңында балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға берілді

Балаларды қорғау күні қарсаңында балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға берілді

Балаларды қорғау күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласында жаңадан ашылған № 76 балабақшасының тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі кітаптар пен дискілер сыйға тартты.

  • 28 Мамыр 2014
  • 598
Фото - Caravan.kz

Бұл — әлемдік және қазақ классиктерінің еңбектері, мектепке дейінгі оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті және қазақ ертегілерінің аудиодискілері, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінен.

Шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың қазақ тілін үйренуін ынталандыру мақсатында Қор қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйренуге болатын www.soyle.kz порталында биыл «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімін ашуды жоспарлап отыр.