ынтымақтастық жөніндегі үкімет аралық комиссияның 6-шы отырысында авиация саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасын қайта қалпына келтіру жөнінде келісті, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Air Astana жуық арада Астанадан Ұлаанбаатар қаласына, жазда «Бек Эйр» компаниясы «Астана-Баян-Өлгей-Астана» бағытына қатынайтын рейстер ашпақ.
Мұндай шешім Моңғолияда тұратын қазақтар (резидент) мен халық қалаулыларының өтініштеріне байланысты қабылданып отыр.


