«Алматы-Атырау» пойызы вагондарының жолдан шығып кету себептері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-Атырау» пойызы вагондарының жолдан шығып кету себептері белгілі болды

«Алматы-Атырау» пойызы вагондарының жолдан шығып кету себептері белгілі болды

«Алматы-Атырау», бағытында қозғалыста келе жатқан жолаушы пойызы вагондарының жолдан шығып кетуіне рельс өрімінің сапасыз дәнекерленуі салдарынан теміржол желісінің майысуы себеп болған. Бұл жайында Көліктік бақылау комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бірлесіп жүргізген тексерісі қорытындысы арқылы белгілі болды, деп жазады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 28 Мамыр 2014
  • 829
Фото - Caravan.kz

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асавбаевтың түсіндіруіне қарағанда «Оқиға орын алардан екі апта бұрын «Сағыз-Мақат» учаскесінде рельс өрімінде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген болатын. Тексеру көрсеткендей ол жұмыстар технологияны бұза отырып жасалған. Соның салдарынан учаскеде кәсіби тілмен айтқанда «жолды серпу» құбылысы болған. Яғни  теміржол рельстердегі температуралық  кернеудің өзгеруіне байланысты формалары өзгерген»

Сонымен бірге ол тексеріс нәтижелеріне сәйкес болған оқыс оқиғаға кінәлі 12 лауазымды тұлғалармен еңбек келісім-шарттары бұзылды және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Алматы-Атырау» маршруты бойынша қозғалыста болған №42 пойыздың 13 жолаушы вагонының жолдан шығып кету оқиғасы 19 сәуірде Атырау облысының «Сағыз-Мақат» теміржол учаскесінде орын алғандығын еске саламыз. Оқиға салдарынан апат болғандар жоқ, 46 жолаушыға кезінде  тиісті дәрігерлік көмек көрсетілді.