Атап айтсақ, ІІМ-нің «Арқа», «Арман», «Қазақстан» шипажайларының акциялары толығымен коммерциялық тендер арқылы сатылады. Бұл туралы үкіметтің «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» №280-ші қаулысына енгізілген түзетулерде атап көрсетілген.
Сонымен қатар, ІІМ-нің «Күзет» МКБ мен ішкі істер органдарының медиа-орталығы тендерге шығарылады.
Алматыдағы «Алматыметроқұрылыс» АҚ (68%), «Республика сарайы» ЖШС (100%), «Қайрат» футбол клубы (30%) да жеке меншікке өтпек.
2014 жылы Мәдениет министрлігінің Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясындағы 49 пайыз үлесі, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 100 пайыз акциясы сатылатын болды.
Сондай-ақ, «Заң» медиа-корпорациясы акциясының 67 пайызы коммерциялық тендер арқылы сатылады (33,5%-ы Жоғарғы сот пен Әділет министрлігінің еншісінде).
Сатылатын нысандар тізімінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ да бар (25%).