Бразилия полициясы демонстранттарға қарсы көзден жас шығаратын газ қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилия полициясы демонстранттарға қарсы көзден жас шығаратын газ қолданды

Бразилия полициясы демонстранттарға қарсы көзден жас шығаратын газ қолданды

Бразилия полициясы футболдан әлем чемпионатына шектен тыс қаражат жұмсалуына байланысты наразылық білдірген мыңға жуық демонстрантқа қарсы көзден жас шығаратын газ қолданды.

  • 28 Мамыр 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сәрсенбі күні Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Бұл Кубок кімге керек? Бізге қажеті жоқ! Маған денсаулығымды түзеуге, білім алуға қаражат керек», — дейді демонстранттар.

Олар үкімет ғимараты орналасқан маңдағы көшелерді жауып, тәртіп сақшыларына тас атқан.

Осыдан біраз бұрын Әлем біріншілігіне қыруар қаржы жұмсап жатқан үкіметке қарсы наразылық шарасын автобус жүргізушілері өткізген болатын. Салдарынан елдегі 10 қалада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап қалған-ды. Соңғы бірнеше күндегі наразылық акцияларына оқытушылар мен полицейлер де қатысыпты.

БАҚ хабарлауынша, Бразилия 2014 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге шамамен 11 млрд доллар жұмсамақ.