Мәжіліс депутаты ҰБТ құрылымы мен апелляция мерзімін өзгертуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты ҰБТ құрылымы мен апелляция мерзімін өзгертуді ұсынды

Мәжіліс депутаты ҰБТ құрылымы мен апелляция мерзімін өзгертуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов үкіметті Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін өзгертуге шақырды.

  • 28 Мамыр 2014
  • 1109
Фото - Caravan.kz

Палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында үкімет басшысына арнаған депутаттық сауалымен таныстырған ол: «ҰБТ өткізу тәртібіне сәйкес, апелляциялық комиссия талапкерлердің шағымын тес нәтижесі жарияланған күннің ертеңіне түскі сағат екіге дейін қабылдайды. Апелляциялық комиссия ҰБТ деген сенімді күшейтіп, алынған нәтижелердің объективтілігін арттыруы тиіс. Сондықтан апелляция қабылдау мерзімін кем дегенде екі жұмыс күніне дейін ұзарту қажет», — деді.

Депутат көршілес Ресейде БМЕ нәтижесі бойынша аппеляциялық шағымдар екі күн қабылданатынын алға тартты.


Мәжілісменнің пікірінше, тест сұрақтарының мазмұнын да өзгерту қажет.