Осыған байланысты,қор құрамынан 200 компания шығарылады. «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтың айтуынша, оның бірқатары акционерлік қоғам емес, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналмақшы. Кейбірі аукцион арқылы сатылымға түседі. «Самұрық-Қазына»-ның құрамында қазір 600-ден астам компания бар екен. Енді ұлттық қордың директорлар кеңесі де, түбегейлі өзгереді. Бұдан-былай мүшелікке министрлер мен олардың орынбасарлары кіре алмайды. Сондықтан бүгіннен бастап кеңестен шенеуніктер жаппай шығарылып жатыр. Өйткені қандай бір шешім қабылдар кезде министрлердің мысы басып кететін көрінеді.
Талғат Сәрсенбаев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының ұлттық сұрақтар бойынша бас директоры:
-Сұрақтар туындайтын: «ол компанияның шешімі ме әлде бұған әсер еткен шешім бе?» деген. Сондықтан осындай сұрақтар болмас үшін қазір ұлттық компаниялардың директорлар кеңесіне мүмкіндігінше шенеуніктер кірмегені дұрыс деп соны пайымдап отырмыз.