Көкшетауда жатақханадан жанжал шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жатақханадан жанжал шықты

Көкшетауда жатақханадан жанжал шықты

Көкшетаудағы қала әкімдігіне қарасты жатақханада дау шықты. Ондағы 500-дей тұрғынның көбі тұрмысы төмен отбасы, жартысы жұмыссыз. Бірақ осы жатақхананың ғана коммуналдық қызметінің бағасы шарықтап шыға келген. Бөлмелерінің шаршы метрі бұрын 70 теңге болса, енді 320 теңгеден төлей бастапты. Онсыз да 5 миллиондай берешегі барларға бұл жаңалық тас төбеден ұрғандай әсер еткен. Өйткені, қаладағы тұрғынүйлердің өзінде шаршы метрі үшін баға 18 теңгеден аспайды.

  • 29 Мамыр 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бала-шағасымен қосылып шулап, шындыққа жете алмай жүрген мына адамдар бар пәле осы «Көкше-жәрдем» коммуналдық мекемесінен келді дейді. Мекеме басшысы Әди Елемесов жағдайды түсіндіруге келіп тұрса да, ашынған тұрғындарды тоқтату мүмкін болмады. Коммуналдық қызмет басшысын қолдарына берсе, түтіп жегелі тұрған олар бірден айғайға басты.

Шынымен әкімдік берген жатақхана ақпан айынан бастап тұрғындардың бас ауруына айналған. Мұнда онсыз да қысылып- қымтырылып бір бөлмеде 8 адамға дейін тұрып жатқандар бар. Енді сол тар бөлмелер одан сайын тарыла түскен. «Шаршы метр бағасын кім не үшін шарықтатып отырғанын түсінбедік. Қаладағы өзге жатақханаларда жағдай басқаша» дейді ашулы жұрт. 


-Қаншама жыл өтті, қаншама жауапты кәсіпорын өзгерді. Қайсы жөндеу жасады? Ешқашан жөндеу жасалған емес, біз өзіміз жасаймыз. Тарифті өсірмесін, өзіміз жасаймыз.

Жатақхана екі кәсіпорынға қарайды. Бірақ екеуі де бірде-бір рет оған қол тигізбепті. Ал әкімдіктің тұрғындардың ақшасына сапалы жөндеу жасайтынына жұрт сенбейді.

-Жұрттың мына шуы құлағына жетті ме, жаңа облыс әкімін тағайындау аяқталысымен, бұған дейін шақырып келтіре алмай жүрген қала басшысы Жарқын Жұмағұлов та жетіп келді. Ол аса байыбына бара алмаса да, тариф мәселесін түбегейлі шешуге уәде берді.