Шу тұрғындары шыбын үшін төбелесе жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу тұрғындары шыбын үшін төбелесе жаздады

Шу тұрғындары шыбын үшін төбелесе жаздады

Иістен ығыр болғандар! Жамбыл облысындағы Шу кентінің тұрғындары іргелеріндегі қасапхананы сүріп тастауды талап етті. Өйткені қан мен жын иісінен тыныстау мүмкін емес. Жұрт бұл жер тіпті жұқпалы аурудың ошағына айналған дейді. Тазалықты СЭС мамандары да талай талап еткенімен, қасапхана қожайыны пысқырар емес. Шыдамы шегіне жеткен бұқара бүгін кәсіпкердің өзін жағадан алуға дейін барды.  

  • 29 Мамыр 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

Қаланың қақ ортасындағы қасапхана бітпес дауға айналғалы 10 жыл. Тараптар қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ болып қырқысып келеді.

Орынкүл Ысмайылова, Шу қаласының тұрғыны:

-Төңірегіне адам жолай алмайды. Баларымызды далаға шығарып ойната алмаймыз. Сасығынан адам далаға шығу мүмкін емес. Әсіресе бетімен жүрген иттерді көрсеңіз.

Назира Халықова, Шу қаласының тұрғыны:

-Тіпті ауру малдарды сойып жатыр. Соны базарға апарады, оны халық алып, жеп жатыр. Оның бәрі тарап жатқан ауру. Базардан ет алуға қорқамыз.

Ашуға мінген жұрт бүгін ашық айқасқа шықты. Бизнес нысанына басып кіріп, жұмысын тоқтуын талап етті. Тұрғындар айтса айтқандай. Қасапхана маңына жақындаған сайын қан-жынның иісі қолқаны қабады. Мына жабық ғимаратта мал сойылады. Бірақ тілшілердің келгенін көре сала есігін жауып тастады.  

-Мына иіс былай жетеді. Жүрші үйге есік алдындағы шыбынды көрсетейін.

Төңіректе малдың қиы тау болып үйіліп жатыр. Ал, мына ашық жатқан шұңқырға қан төгіледі. Аңқыған иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай жерде шыбын-шіркейдің болатыны заңды құбылыс. Алайда ызыңдаған көк шыбын кәсіпкердің көзіне көрінбейтін сыңайлы. Тіпті өзінен мін таппаған ол, бар кінәні өзгелерге арта салды. 


-Менің қасапханамда шыбын жоқ. Сенің үйіңде неге шыбын бар. Өзіңнің тазалығың жоқ. Үйіңде тазалық жоқ, содан кейін шыбын бар. Таза менің қасапханам.

Бизнес өкілі бет бақтырмай, бұлқан-талқан болғанымен СЭС мамандары заң талаптары өрескел бұзылғанын әшкерлепті. Соттың шешімімен қасапхана жұмысын тоқтатуы тиіс екен. Алайда, кәсіпкер оны орындауға құлықсыз. 

Елмира Ақынова, Шу аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының жетекші маманы:

-2012-ші жылы бізге шағым түскен. Тексеру жүргізіп,көптеген кемшіліктер анықталған болатын. Сот қасапхана егесі кемшілікті реттегенше жұмысы тоқтатылсын деген шешім шығарды. Ал, одан кейін бізге жұрттан шағым түскен жоқ. Оның үстіне мараторий жариялануына байланысты бизнес нысанын тексере алмаймыз.

Мамандардың бұл сөзі жұртты жұбата қоймады. Мүңгінен иістен бөлек, төңіректе қаңғыбас иттерде қаптап жүр. Тұрғындар ел ішіне инфекция тарап кете ме деп қауіптенеді. Ал, қожайынның қасапхананы қала сыртына көшіру ойында жоқ.