Қарағандыда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Қарағандыда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

8 жыл іздеуде жүрген қаскөй Қарағандыда қолға түсті. Қарулы азаматты қаланың қақ ортасында құрықтау үшін арнайы жасақ сарбаздарын шақыруға тура келген.

  • 29 Мамыр 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz


Адам атып өлтірді деп айыпталған Станислав Ким 2006 жылдан бері іздеуде жүр екен. Осыдан 8 жыл бұрын қала ортасындағы казинолардың бірінде сөзге келіп қалған белгілі бизнесменді атып өлтіріп, қашып кеткен. Содан бері күдіктінің ізіне полиция жақында ғана түсіпті. Басқа мүмкіндіктің болмайтынын білген полицейлер түс мезгілінде оны қаланың қақ ортасында тұтқындады. Қарсылық көрсеткісі келгенімен, арнайы жасақ сарбаздары оның қолына тырп еткізбестен кісен салған. Қаскөй оққа толы мына тапаншасын да атып үлгерген жоқ.