Астанада туристер Түркияға ұша алмай әуежайда түнеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада туристер Түркияға ұша алмай  әуежайда түнеді

Астанада туристер Түркияға ұша алмай әуежайда түнеді

Астанада 150 адам Түркияға ұша алмай, әуежайды жағалап қалды. Жолаушылар демалыс орындарына жолдаманы жарты жыл бұрын сатып алса да, әуе компаниясы лицензиясынан айырылып қалғанын айтпаған. Тіпті, күту залында бала-шағасымен отырған жұртты жылы тамақпен де қамтамасыз ете алмады. Демалыстың шырқын бұзды деп ашуланған жұрт енді алған билеттерін кері қайтарып бермек.

  • 29 Мамыр 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz


Қанымкүл Сейітқұлова, Астана қаласының тұрғыны:

—  Шаршадық. Жүйкеден жүйке қалмады.  Тіпті барғымыз келмейді. Егер билетімді қайтарып берсе де бармаймын. Тып-тыныш үйімде отырайын.

Елорданың халықаралық әуежайын жұрт «түнгі 2-ден бері ұша алмай отырмыз» деп басына көтерді. Алайда, уәде етілген ұшақ әлі жоқ. Оның лицензиясынан айрылып қалғанын түсіндіріп беретін де жан табылмады. Тек шу шыққан соң төбесін көрсеткен «Трейвел систем» туристік компаниясының өкілі өз кінәларын мойындар емес. Бірақ халықтың ашуынан сескенді ме, зая кеткен күндеріңізге өтемақы төлейміз деп құтылды. Ал, демаламыз деп шығып, әуежайда түнеп қалған жолаушылар енді Түркияға барудан бас тартып отыр. Мынадай қызмет сапасымен елге орала алмауымыз мүмкін дейді. Сондықтан үзілген демалыс үшін турфирманы сотқа бермек.