Қарағандыда 8 жыл іздестіруде жүрген қандықол ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 8 жыл іздестіруде жүрген қандықол ұсталды

Қарағандыда 8 жыл іздестіруде жүрген қандықол ұсталды

Қарағанды қаласының орталығында полицейлер 8 жылдан бері іздестіруде жүрген қылмыскерді құрықтады, деп хабарлады облыстық ІІД.

  • 29 Мамыр 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

«28 мамырда сағат 16-00 шамасында Қарағандыда Мира желекжолында жедел іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында кісі өлтіргені үшін 8 жыл іздестіруде жүрген ер адам ұсталды. Одан тапанша тәркіленді», — деді облыстың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, ұсталған ер адам 2006 жылы Қарағанды дәмханаларының бірінде кісі өлтірген.