ҚазТрансОйл әзірге тарифті арттыру туралы сұрамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазТрансОйл әзірге тарифті арттыру туралы сұрамайды

ҚазТрансОйл әзірге тарифті арттыру туралы сұрамайды

"ҚазТрансОйлдың" әзірге мұнай тасымалдау бойынша тариф көтеру жоспарында жоқ.

  • 29 Мамыр 2014
  • 613
Фото - Caravan.kz

"Тарифтік стратегияға келер болсақ,бүгінгі күнде көлік шығыны мұнай бағасының ішінде 5% құрап отыр. Бізде тарифті көтеруге әлі де мүмкіндігіміз бар, бірақ әзірге ондай жоспарымыз жоқ. ҚазтрансОйл тарифі бүгінгі күнде бәсекелес тариф болып отыр", деді Астанада бейсенбіде баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

Ақпан айының соңында ол үкіметтен мұнайдың экспорттық тасымалына тарифті арттыру мәселесін қарауды сұраған болатын.

Үкімет басшысы Серік Ахметов бұл мәселені қарауға уәде етті. Соның нәтижесінде табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу агенттігі "ҚазТрансОйл" АҚ-ның магистралды құбырлары жүйесі арқылы мұнай жөнелту үшін реттелетін қызметтің тарифі мен тарифтік сметасын бекіткен. Тариф 2014 жылдың 1-сәуірінен арттырылды. Тарифтің арттырылуы төтенше реттеуші шара ретінде бекітілді. Экспортқа магистралды құбырлары жүйесі арқылы мұнай жөнелту үшін реттелетін қызметтің тарифі қосымша құн салығын қоспағанда 5817,2 теңгені құрады, 1000 тн.км үшін. Жылдың басынан бері қосымша құн салығын қоспағанда тариф 4850,6 теңге болатын, 1000 тн.км үшін.

Ішкі рыноктың тарифі өзгеріссіз қалды, қосымша құн салығын қоспағанда 2931,8 теңге/1000 тн.км үшін.