“Ешқашан телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар”: Бақыт Сәрсекбаев маңызды жарыс алдында күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ешқашан телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар”: Бақыт Сәрсекбаев маңызды жарыс алдында күтпеген мәлімдеме жасады

“Ешқашан телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар”: Бақыт Сәрсекбаев маңызды жарыс алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Бокстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өзіне қысым көрсету мен арандатуға қатысты пікір білдірді.

  • 30 Маусым
  • 8
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ешқандай байланыс, телефон қоңырауы немесе арандату арқылы өзін қорқыту мүмкін емес екенін айтып, жұмыс істеуге кедергі келтірмеуге шақырды. Алайда ол жазбасында нақты кімдерге қарата айтқанын және қандай жағдайға байланысты пікір білдіргенін нақтыламады.

“Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар ғой!

Ешқашан да связьдарыңмен, телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар! Мен жүрген жерде тек қана тәртіп, дисциплина, әділдік болады! Мен ештеңе сұраған емеспін, бар сұрарым жұмыс істеуге кедергі бермеңдер! Маған кедергі жасау – қазақ боксына кедергі жасау! Менің интрига, провокацияға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсеке тұр! Кейбіреулерге ескерту!”, – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы Азия чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, құрлық біріншілігінде ел намысын жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі жастар құрамалары қорғайды. Жарыс 3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Чемпионатқа Азияның 26 мемлекетінен 430-дан астам былғары қолғап шебері қатысады деп күтілуде.

Қазақстанның U-19 ерлер құрамасын Бақыт Сәрсекбаев бастап барады. Ал қыздар құрамасының аға бапкері – Жанкелді Ахметов. U-23 ерлер командасын Мақсат Бақтыбазаров, ал қыздар құрамасын Марат Қырықбаев жаттықтырады.