«Қазақстан темір жолы» еншілес компанияларының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан темір жолы» еншілес компанияларының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Қазақстан темір жолы» еншілес компанияларының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаевты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстады.

  • 29 Мамыр 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол дизельдік жанармайды жеткізуге келісімшартты жасауға жағдай жасау үшін «Нұр Табыс Мұнай НТМ» ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деп айыпталуда. Сол күні Қалаубаевқа қатысты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

19 мамырда Қалаубаев сот санкциясымен қамауға алынды. Бұдан басқа, пара алуға қатысқан деген айыппен «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусинге іздеуге жарияланды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.