2-3 мәселені қарастыру керек екенін, сонымен қатар олар бойынша сарапшылық деңгейде тиісті шешімдер жасалғанына тоқталған Армения Президенті, «Осы орайда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы жөніндегі келісімге қол қойылуы мерзімін биылғы 15 маусымға дейін белгілеуді сұраймын»,-деді .
С.Саргсян сонымен қатар келісімге қол қойылғаннан кейін Армения 200-ге жуық заңнамалық актілерді қабылдауға кірісіп, бірқатар маңызды жүйелік қайта құруды қамтамасыз ету керектігін, сондай-ақ бұл шараларға кем деген 6 ай уақыт керек екенін атап өтті.