КТК арнасы шекара туралы жаңа фильм түсіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК арнасы шекара туралы жаңа фильм түсіріп жатыр

КТК арнасы шекара туралы жаңа фильм түсіріп жатыр

Кең байтақ шекараға бас-көз болып жүрген кімдер? Қазақ даласын картаға түсірген кім? КТК арнасының деректі фильмінде шеткі шебімізді қалыптастыруға арналған кабинеттегі келіссөздерден бастап шекара сызығына қазық қаққанға дейінгі жұмыс барысы туралы айтылады.

  • 30 Мамыр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz

 «Өте нәзік қызыл жолақ» атты фильмде еліміздің сұлулығына көз тоймайтын таулары мен аса сирек кездесетін табиғаты көрсетіледі. Түсірілім тобы шекаралық аймақтарды түгелдей аралады. Дегенмен, алда әлі теңіз бен шөлейтті басып өтетін мыңдаған шақырым жол бар. Осынау атырапты аман-есен алып қалған дипломаттар да эксклюзивті сұхбат бермек. Ал шекарада өмір сүріп жатқан жұрт ешкімге ұқсамайтын тұрмыс-салтымен бөліседі. Тілшілер, тіпті, шекара қазықтарын жасайтын зауытта болып, олардың мықтылығын байқап қайтпақшы. Деректі туынды Елорданың тойында көпшілік назарына ұсынылады.


Дәурен Меркеев,продюсер:

Фильмде сарқыттай сақталып келген құпия мұрағаттарды көрсететін боламыз. Нағыз экшнды дайындап жатырмыз десем, қателеспеймін. Сонымен қатар, шекараны бекітуге қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев сынды танымал саяси тұлғалар сұхбат береді. Шекара жайлы ең маңызды мәліметті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі айтып беретін болады.