«Қазақстан темір жолы» компаниясынң топ-менеджері 100 мың доллар парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан темір жолы»  компаниясынң топ-менеджері 100 мың доллар парамен ұсталды

«Қазақстан темір жолы» компаниясынң топ-менеджері 100 мың доллар парамен ұсталды

Астанада тағы да жемқорлық дауы. Бұл жолы Қаржы полициясының құрығына теміржолшылар түсті. Ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан темір жолы»-на қарасты «Локоматив» компаниясының атқарушы директоры Ерғали Қалаубаев абақтыға тоғытылды. Ал, оның сыбайласы «Қазтеміртранстың» директоры Дүйсенбай Әлмусинге іздеу жарияланды.

  • 30 Мамыр 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz


Таспадағы мына 100 мың долларды Ерғали Қалаубаев алмақ болған. Жүз долларлық он бума ақшаны қаржы полициясы компания менеджерлерінің  бірінің үйінен тауып алған. Бұл қаржыға күдікті ірі компанияны жанармаймен қамтамасыз етпек болған көрінеді. Қазір Қалаубаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кем дегенде 15 жылын түрмеде өткізуі мүмкін. Ал, оның сыбайлысы Әлмусиннің не бүлдіргенін тергеушілер әзірге жарияламай отыр. Қазір ол іздеуде екен.