Алматыда биыл дельфинарий құрылысы басталады - әкімдік - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда биыл дельфинарий құрылысы басталады - әкімдік

Алматыда биыл дельфинарий құрылысы басталады - әкімдік

Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында дельфинарий орналаспақ.

  • 2 Маусым 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Биыл оның құрылысы басталады.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Орталық мәдениет және демалыс саябағын жаңғырту мәселесі жөніндегі кеңесте саябақта орналасатын дельфинарий мен мұз аренасының сызба жобаларын мақұлдады. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметінің жексенбілік ақпаратында айтылған.

Әкімдік мәліметіне сәйкес, бұл нысандардың жалпы аумағы 7300 шаршы метрді құрайды. Алаңы 1000 шаршы метр болатын дельфинарий 750 орынға, мұз аренасының алаңы 900 орынға есептелген.

Биылғы жылдың соңына дейін жобалық жұмыстар аяқталып, құрылыс басталмақ.


2013 жылы Орталық мәдениет және демалыс саябағы коммуналдық меншікке өткізіледі.