Бала күтушілермен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын - Ерке Есмахан - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала күтушілермен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын - Ерке Есмахан

Бала күтушілермен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын - Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманының сұрағына жауап берді.

  • 29 Маусым
  • 222
Фото - www.Instagram.com/erke_esmahan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі оқырманының Instagram stories-те “Неге басқа блогерлер секілді орыс тілінде сөйлемейсіз” деген сұрағына жауап берді.

Ол бала күтушілерімен ағылшын тілінде сөйлесетінін айтып, өзі туралы тың дерекпен бөліскен.

“Мен блогер емеспін, әншімін.

Мен қазақтың қызы болған соң, қазақша жазып, сөйлеймін. Мені әр түрлі ұлт өкілдері оқиды, қарайды. Осы тұста қазақ тілінің мәртебесін өзіміз көтерген жөн емес пе?! Шетелдіктердің парақшасын қараймыз, олар өз тілінде сөйлейді, оларды түсінеміз ғой мысалға.

Парақшам тек қазақша болса, мен басқа тілде сөйлей алмаймын деген сөз емес. Шетелге жиі шығамыз, керек жерінде басқа тілде де сөйлейміз.

Айтпақшы, бала күтушілермен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”, — деп жазды ол.

Screenshot