Әскерилер Бангкок орталығын қоршауға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерилер Бангкок орталығын қоршауға алды

Әскерилер Бангкок орталығын қоршауға алды

Бангкоктың орталық көшелеріне полицейлер мен әскери қызметкерлер мыңдап тартылуда.

  • 2 Маусым 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Бұл — әскери төңкеріске қарсы жұрт ереуілінің алдын алу мақсатында жасалып отырған шара, деп хабарлады  24.kz.

Елдің күш құрылымдары шаһардың орталығын қоршауға алды. Вокзалдар мен сауда орталықтары жабылған. 2 күн бұрын ғана әскери төңкерістің жетекшісі генерал Прают Чан-Оча барлық саяси тараптарды ынтымақтастыққа шақырған болатын. Оның айтуынша, бітімге келудің бірден бір жолы — бұл ереуілдерге шек қою.

Естеріңізде болса, 22 мамырда биліктің әскерилердің қолына өткені жария етілді. Бірақ осы мәлімдеменің ертеңінен-ақ Бангкок пен елдің өзге де қалаларында әскери төңкеріске қарсы ереуілдер басталып кеткен еді.