Мурманск облысында қаралы күн жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мурманск облысында қаралы күн жарияланды

Мурманск облысында қаралы күн жарияланды

Мурманск облысында дүйсенбі - 2 маусым қаралы күн болып жарияланды.

  • 2 Маусым 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл күні облыста РФ тулары түсіріліп, телеарналардан ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуге тыйым салынады. Ел тікұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұтады, деп жазады  ИТАР-ТАСС.

Соңғы ақпараттар бойынша, Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған 9 адамның денесі табылды. Онда барлығы 18 адам болған: 5-еуі экипаж мүшелері,  13-і жолаушылар. Олардың тек 2-еуі тірі қалған. Қалғандары аман қалмады деген болжам айтылуда. Енді 7 адамның сүйегі іздестірілу үстінде.

Денесі табылған 9 адамның 5-еуінің кім екені анықталған. Олардың бірі "Апатит" компаниясының директоры болып шықты.