Бірнеше күннің ішінде қазақстандық шекарашылар 1680 адамды ұстады, 8 килодай гашиш, 2,2 килодай героин және бір килодай марихуана тәркіленді, делінген дүйсенбіде таралған хабарламада.
Сонымен қатар, ақпаратқа қарағанда,13 көлік ұсталған, жарақаттаушы 8 тапанша, 120 –дан аса оқ тәркіленген.
1,5 кило алтын әшекейлері, 68 тонна халық тұтынатын тауар, 3,5 тоннадан аса дизель отыны, 8,5 тонна химиялық тыңайтқыш секілді заттардың контрабандалық жолмен өткізілуіне тойтарыс берілді.
Сонымен қатар, 47 ірі қара мал, 8 ұсақ мал, 12 түйе, 65 аттың әкетілуіне жол берілмеді, тасбақалардың партиясы тәркіленді, делінген онда.