Қазақстанда есірткіге қарсы "Көкнәр-2014" операциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда есірткіге қарсы "Көкнәр-2014" операциясы басталды

Қазақстанда есірткіге қарсы "Көкнәр-2014" операциясы басталды

Қазақстанда кешенді жедел-профилактикалық "Көкнәр-2014" операциясы басталды,

  • 2 Маусым 2014
  • 656
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады республика ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының Шу қаласында дүйсенбі күні ІІМ-нің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитет басшысы Анатолий Выборовтың төрағалығымен "Көкнәр-2014" операциясын өткізу жөнінде нұсқаулық кеңес өтті, делінген дүйсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кеңес жұмысына АҚШ-тың Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының (DEA), Ресей Федералдық есірткені бақылау қызметінің (ФСКН), Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен кедендік органдары шекаралық қызметтерінің және Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің өкілдері, сондай-ақ,есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аумақтық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

"Көкнәр-2014" операциясының басты мақсаты — Шу алқабында есірткіні дайындаудың алдын-алу және оған тосқауыл қою,сонымен қатар есірткіні алып-өту жолдарын жою, барлық аймақтарда «ауған» есірткісінің трафиктік жолдарын жою, есірткі бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысын әшкерелеу, қылмыстың алдын алу, есірткі нүктелерін жою, сонымен бірге есірткі бизнесімен күресте мекемеаралық іс-қимыл тиімділігін арттыру болып табылады.

Шу алқабын бақылауда ұстау үшін Жамбыл облысының ІІД-де есірткі бизнесімен күрес жөніндегі « Дельта-Алқап» арнайы бөлімшесі жұмыс істейді. Жамбыл облысының негізгі магистральдық жолдарында қосымша бекеттер құрылуда,жергілікті маңызы бар автожолдар мобильдік топтардың бақылауында, делінген баспасөз хабарламасында.


"Көкнәр-2014" операциясы республика аумағында жыл сайын маусым-қазан айларында өткізіледі.