Аудан әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Ақжайық ауданы бойынша 422 адам зобалаңға ұшыраған. Мұндай ескерткіш жазықсыз жандардың есімдерін ұмытпай, өткеннен сабақ алу үшін қажет.
Аталмыш ескерткіш авторы — Асқар Отарғалиев. Енді аудан тұрғындары жыл сайын осында келіп, зобалаң жылдар құрбандарын еске алатын болады.