Үндістанның оңтүстігінде жаңа штат құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанның оңтүстігінде жаңа штат құрылды

Үндістанның оңтүстігінде жаңа штат құрылды

Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра –Прадеш штаты ресми түрде екі аумаққа бөлініп,

  • 2 Маусым 2014
  • 633
Фото - Caravan.kz

оның солтүстік жағында елдің жаңа,29-шы – Телангана штаты құрылды, деп хабарлады дүйсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.

Ал штаттың оңтүстік бөлігі өз атауын сақтап қалды.

Андхра-Прадештің бұрынғы әкімшілік орталығы Хайдарабад бұдан былай да он жылға дейін, Андхра-Прадеш өзінің дербес әкімшілік орталығының жұмысына барлық жағдай жасағанға дейін бір мезгілде екі штаттың да астанасы болып қалады.



Үндістан парламенті Талангананы құру туралы заң жобасын биылғы жылдың ақпан айында мақұлдаған болатын. Бұған штат билігі солтүстік бөлікті дамытуға лайықты мөлшерде қаражат бөлмей отырғанын алға тартқан жергілікті тұрғындардың ұзаққа созылған наразылығы себеп болған.