өйткені Тбилиси көрші елдің дербестігін мойындамайды, деп мәлімдеді дүйсенбі күні журналистерге Грузияның келісімге келу және азаматтық теңқұқылық мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Паата Закареишвили.
"Бұл қызметте Анкваб бола ма, әлде басқа үміткер бола ма – олардың бәрі ресми тұлға бола алмайды. Олардың жағдайы грузиялық конституция мен халықаралық құқыққа сәйкес келмейді. Соған қарамастан біз үшін абхазиялық қоғаммен қарым-қатынастың маңызы зор ", — деді ол.
Өз кезегінде Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Давид Залкалиан журналистерге «біздің басты ойымыз, Абхазияда шиеленіскен жағдай кезінде онда тұратын этникалық грузиндерге зиян тимесе", деді.
Александр Анкваб өткен жексенбіде Абхазияның президенті лауазымынан отставкаға кететінін мәлімдеді.Сол күні ол республикадағы билік рәмізі, яғни президент – мемлекет басшысы міндетін атқарушы мөрін парламент спикері Валерию Бганбаға тапсырған болатын.