Лапароскопияның мұндай тәсілі бұрын-соңды біздің елде қолданылмаған екен. Яғни ішек-қарындағы қатерлі ісік, ірің біткенді теріні бүлдірмей алып тастайды. Тұңғыш рет мұндай ота Алматыдағы Президент іс басқармасының орталық ауруханасында 83 жастағы қарияға жасалды. Виктор Комаров онкологиялық ауыр дертке ұшырағанын білмеген екен. Тізесі сыздап, балтыры ауырып жүрген. Жүрегі де дімкәс. Ал жақында дәрігерлер оның ішегінен ісік тапты. Іші қатып, жүруден қалған қария небәрі 2 сағаттың ішінде сауығып шыға келді. Негізі құрсағына құрт түскен науқастар көбіне шетелдерді жағалап кетеді. Енді қолы епті дәрігерлерден көп нәрсені түйген соң отандық хирургтер ішектегі ісіктерді өздері алып тастауға құлшынып отыр.
Виктор Комаров, науқас :
-Операцияны түк сезген жоқпын. Қазір де еш жерім ауырып тұрған жоқ. Дәрігерлер бәрі де сәтті өтті деп отыр. Ұйқыдан оянып, денемнем көзге көрінер-көрінбес 3 нүктені ғана байқадым. Бүгін-ақ үйге қайта берсем болады екен.