Астанада пәтер үшін талас төбелеске ұласа жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  пәтер үшін талас төбелеске ұласа жаздады

Астанада пәтер үшін талас төбелеске ұласа жаздады

Тұрғын үй үшін талас төбелеспен аяқтала жаздады. Бүгін Астанада «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша жас отбасылардан  жалға берілетін пәтерлерге өтініш қабылдау басталды. Тек құжат тапсыруға келгендердің көп болғаны соншалық, халыққа қызмет көрсету орталықтарында таң атқалы ұзын сонар кезек. Тіпті кезекке таласқандар есікті сындырып бір-бірімен жаға жыртысуға дейін барды.

  • 3 Маусым 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығы алдында таң атқалы айғай. Ішке кіруге ентелегендер, есікті жұлып алардай. Тіпті бір-бірімен жаға жыртысуға бар. «Қолжетімді баспана»-дан дәмелі астаналық жас отбасылар осылай түннен бастап кезекке тұра бастаған.

Гүлстан Кекенова, Астана қаласының тұрғыны:

-Қағаздарды әкеп жаздық. Көліктің үстіне қойып жаздық. Стол ештеңе жоқ. Әр адам келіп аты жөнін жазады.

Түннен басталған кезек таңа ата көбейе түсті. Өйткені бір үйден бес алты кісіден келген. Балаларын да ерте шығыпты. Сөйтіпсыртта өз бетімен құрған тізімдері бойынша, ішке кіруге асықты.

— Жіберіңдер, аш деймін.

Бірақ бір есікке телміргендерге баспана тегін үлестірілгелі жатқан жоқ. Жалға беріледі, кейін жекешелендіріп алуға болады. Талап қатал. Үйден үмітті ерлі зайыптылардың екеуі де, 29-жасқа толмаған әрі Астанада соңғы екі жыл тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде болуы шарт. Сондай-ақ, бала саны, жалақы көлемі, некеде қанша жыл тұрғаны мен басқа қалада пәтері болмауы ескеріледі. 

Альбина Төкебаева,Астана қаласының тұрғыны:

-Әділдікпен берілетін болса, мына тұрғындардың бәрі алуы керек. Пәтер жалдап тұрамын. 90 мың теңге. Коммуналдық қызметі бар, сонымен 110-120 мың кетеді. Тапқанымыз пәтерге кетеді. Баланың болашағы деп Астанада жүрміз.

Шенеуніктер болса, дүрбелең туғызған адамдардың өздерін кіналап отыр. Себебі құжат 3 бірдей халыққа қызмет көсрету орталығында әлі 2 апта бойы қабылданады. Енді талон алып электрондық кезекке тұруы талап етілмек.


Руслан Бешеев, Астана қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы:

-Қазір халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тізім жасап жүргендердікі заңға сәйкес келмейді. Ол біздің қызметкерлер емес. Сондықтан халықтан сабырлық сақтауды сұраймыз. Және 14 маусымға дейін құжаттар түгел қабылданады.

-Астаналық мыңдаған жас отбасы таласып жатқан тұрғын үй осы. Жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Сұраныс туғызғаны арзандығында. Мәселен жалға берілетін бір бөлмелі пәтер  25, 2 бөлмелі 38, ал  3 бөлмеліге айына 50 мыңнан төлейсіз. Кемі сегіз жылдан соң жекешелендіріп алуға болады. Бірақ, құжатты кімнің бірінші тапсырғаны емес, тиісті талаптан сүрінбей өтіп көп ұпай жинаған жанұяның бағы жанады.