Полиция жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция  жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр

Полиция жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр

Батыс Қазақстан облысында «балаларды ұрлап, іш құрылыстарын сататын қанпезер пайда болды» деген үнпарақ тарады. Бұл тұрғындар арасында дүрбелең тудырып отыр.

  • 3 Маусым 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz


Ілінген парақтарда тіпті қаскөйдің фотороботы да бар. Жасы 25-те, бойы 170 сантиметр деп көрсетілген. Бұдан бөлек, ескерту қағаздарында маньяктың Алматы мен Қарағанды, сондай-ақ Ақсай қалаларында бала ұрламақ болғаны айтылған. Бірақ бұл еліміздің бірнеше қаласына тарап үлгерген қауесет екен. Қазір полицейлер әлгі қанішерді емес, қауесет таратқан адамды іздестіруде. Тұрғындар арасында осылай дүрбелең тудырған азаматты енді ауыр жаза күтіп тұр.