Алдын ала болжам бойынша, бұған қой қырқымынан кейінгі қатты жауған жаңбыр мен күннің күрт салқындауы себеп болған. Десе де, арнайы құрылған топ, өлген малдың қаны мен іш құрылысын зерттеуге жіберді. Сондай-ақ аталған аймақта, шаруа қожалығының мамандары мен аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері өлекселерді жою жұмыстарын жүргізуде.