Енді жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынбақ. Тиісті талапты Үкімет «Жол картасы» бағдарламасына енгізіп қойған. Бұдан-былай адамдарды алалап, заңсыз жұмыстан шығарып жіберген компаниялар жазасыз қалмайды. Еңбек министрлігі қазірден бастап жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, заңды белшеден басқан мекемелердің қара тізімін жасап та қойыпты. Тіпті, апта сайын оларды тексеріп отырмақ. Бірақ, жаңашылдыққа көпшілік күдікпен қарап отыр. Өйткені, жасы келгендерді әртүрлі сылтау айтып босағасынан ары аттатпайтын компниялар әлі жетіп артылады.