Мамыр айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 800 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 800 теңгені құрады

Мамыр айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 800 теңгені құрады

2014 жылғы мамырда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларымен есептегенде, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға, 2013 жылғы мамырмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті.

  • 3 Маусым 2014
  • 705
Фото - Caravan.kz


ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, аталмыш кезеңде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі — 21,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа үлесі — 16,1%, жемістер мен көкөністер — 12,5%, нан және жарма өнімдері — 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу үлесі 2,1%-ды құраған.

Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі дегеніміз мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ал ең төменгі тұтыну қоржыны — бұл адамның тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністеріндегі ең төменгі жиынтығы болып табылады, деп жазады strategy2050.kz.