Алматыда бір жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Алматыда бір жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Қалқаман шағынауданында кеше оқыс оқиға орын алды.

  • 3 Маусым 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, сағат 16.11-де жолға асфальт төсеу жұмыстары кезінде «Жол» ЖШС жұмысшысын жол төсейтін техника қағып кеткен. Салдарынан түрлі жарақат алған 1995 жылы туған азамат Е.Сейілбек ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ кешкі уақытта Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағынауданында бетонды лотоктарды түсіру кезінде «Анфилада С» ЖШС жұмысшысы 1990 жылы туған Е.Ұйпалақов түрлі жарақаттар алған. Ол оқиға орнында бірден көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.