Көкшетау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Көкшетау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Бүгін Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметкері Динара Жакеева мәлім етті.

  • 3 Маусым 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, Ж.Жұмағұлов қызметтен өз еркімен кететіні жөнінде бүгін өзі хабарлаған. Сонымен қатар ол әкімдіктегі әріптестерімен де қоштасып үлгерген.

Әзірге жаңа әкім ретінде кім тағайындалатыны белгісіз.

Еске сала кетсек, Жарқын Жұмағұлов өткен жылдың 31 тамызында Көкшетау қалалық мәслихатының XIX кезекті сессиясында облыстың бұрынғы әкімі Қосман Айтмұхаметовтің өкімімен Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.