Оралда Қазақстанға нәпақа іздеп келген өзбек азаматын өлтіргендер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Қазақстанға нәпақа іздеп келген өзбек азаматын өлтіргендер құрықталды

Оралда Қазақстанға нәпақа іздеп келген өзбек азаматын өлтіргендер құрықталды

Оралда елімізге нәпақа іздеп келген өзбекстандық азаматтың қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер құрықталды.

  • 3 Маусым 2014
  • 444
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскерлер оны зәбірлеп, соққыға жыққан көрінеді. Марқұмның денесі мен киіміндегі қанды іздерге қарағанда олар өзбек азаматының үстіне мініп секірген болуы мүмкін, дейді полицейлер.

Шетел азаматының өліміне қатысы бар күдіктілерді табуға бейне-бақылау камералары көмектесті. Бұрын бірнеше рет істі болған олар қылмыс жасалғаннан кейін таксиге мініп, Атырауға кетіп қалған.

Қылмыскерлер қолға түсті. Өздерінің айтуынша, өзбекстандықтың қалтасынан 7 мың теңгеден басқа ақша шықпаған.