Мамыр айында өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі мен өнімдерінің бағасы қанша өсті? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі мен өнімдерінің бағасы қанша өсті?

Мамыр айында өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі мен өнімдерінің бағасы қанша өсті?

Биылғы мамыр айында Қазақстандағы өнеркәсіп ошақтарының өнімдері мен қызмет құны сәуірмен салыстырғанда

  • 3 Маусым 2014
  • 825
Фото - Caravan.kz

0,7%, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 17,8% қымбаттаған.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, мамыр айында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 0,6% (2013 жылдың мамырымен салыстырғанда 18,5%), өндірістік сипаттағы қызмет құны – 0,9% (9,3%) қымбаттапты.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, өткен айда тау-кен өндірісі саласында баға 0,8%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% артқан.

Мамыр айында бензин 0,7%, мұнай 0,6% қымбаттаса, металл руда және табиғи газ 0,3%, пропан мен бутан 2,7%, мазут 0,2% арзандаған.

Темір қорытпасы 3,9%, қара металл мен қорғасын жаймасы 3,3%, өңделмеген алюминий 2,4%, мырыш бағасы 1,3% қымбаттаса, бағалы металдар 3,3%, мыс 1,2% төмендеген.


Сонымен қатар, күріш 4,5%, қант 2,6%, қарақұмық жармасы 2,5%, макарон өнімдері 2,1%, ет 1,8%, шай 1,5%, бидай ұны 1,4%, нан 1,3%, құс еті 0,7% қымбаттады.