Қырымнан айырылып қалған Украина үкіметі Ресейден 83 млрд доллар өндіріп алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырымнан айырылып қалған Украина үкіметі Ресейден 83 млрд доллар өндіріп алмақ

Қырымнан айырылып қалған Украина үкіметі Ресейден 83 млрд доллар өндіріп алмақ

Қырымнан айырылған Украина үкіметі Ресейден 83 млрд доллардан астам шығын өндіріп алмақ.

  • 3 Маусым 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің премьер-министрі Арсений Яценюк мәлім етті.

А.Яценюк Жоғарғы Рада депутаттарының РФ-ның Қырымдағы әрекеттері мен келтірілген шығынды өндіріп алу мәселесі жөнінде қойған сұрағына: «Шағымдарға қатысты айтар болсақ: Украина бұл процесті бастап кетті. Бас прокуратура тергеуге кірісті және қылмыстық іс бойынша Украина үкіметі 1 трлн гривеньнен астам қаражат өндіріп алмақ», — деп жауап берді.

Үкімет басшысының айтуынша, Ресей сондай-ақ, Украинаның Қырым қойнауында жатқан 2,2 млрд текше метр газын «ұрлап алған». «Бұрын бізді газ ұрлайды деп оқтын-оқтын айыптайтын еді. Енді мен газды ресейліктер ұрлап жатыр деп айта аламын. Олар біздің аумағымыздағы жерімізді, «Черноморнефтогаз» компаниясын, Қырымның қойнауындағы 2,2 млрд текше метр газды ұрлап алды» деді ол.