Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті

Симферополь-Мәскеу ұшағына найзағай түсті

Симферопольден Мәскеуге рейспен бара жатқан жолаушылар ұшағына найзағай түсті, деп хабарлады Интерфаксқа «Внуково» әуежайының техникалық қызметінен.

  • 4 Маусым 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

«Ауа райының қолайсыз жағдайында Симферопольден рейске шыққан кезде  Boeing 737 ұшағының фюзеляжына найзағай түсті. Салдарынан ұшақ зақымданды. Алайда жолаушылар зардап шеккен жоқ. Экипаж ұшақты әуежайға аман-есен қондырды», — деді агенттіктен.

Тосын жағдай салдарынан фюзелаждың сол және оң жағындағы он сегіз бұранда балқып кеткен.