"Үкіметке хат жазайық, жаңалаудың кешенді жоспары қабылданғанша рыноктардың жаппай жабылуы мен бұзылуын тоқтатуды сұралық. Біз сатып алушы, бизнесмен және мемлекеттік органдардың, яғни үш жақтың да мүддесін ескере отырып қимылдауымыз керек", деді Қазақстан ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев, оның сөздері аталмыш палатаның баспасөз қызметінен таралған хабарламада келтірілген.
Олардың пікірінше, жобаға үлескер, акционер ретінде саудагерлердің өздерінің қатысқаны абзал. Сонда олардың меншіктенуші ретінде сауда нысандарының инфрақұрылымын дамытудағы жауапкершіліктері арта түспек.